Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне жағымсыз пікір жазған оқырманға жауап беріп, ескерту жасады. Ол мұндай ауыр сөздер көңіліне тиетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НЕ МАҒЫНА БЕРЕДІ?
Ерке Есмахан аса жағымсыз пікір қалдырған оқырманын Instagram-дағы парақшасында қалың көпшілікке көрсетті.
Әнші өзіне қатысты негативті сабырлықпен қабылдауға тырысса да, іштей суып, тынып жүретінін айтты.
ТАҒЫ ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Үйіме келіп жылайтын»: Баян Алагөзова Ерке Есмахан туралы құпияны бөлісті
Ұйықтар алдында әлеуметтік желіні қарап отырып, бір видеодан өзім туралы мынандай пікірді оқып қалдым. Кім түсіндіріп бере алады маған? Не мағына береді? Ең әдемі қазақ қызы міне. Жақсы-ақ адам сияқты. Өзі ғана сондай ма екен? Әлде құрбылары да сондай ма екен? Қысқасы, сөз жоқ. Тек сіздермен бөлісіп қояйын дегенмін ғой, – деді ол.
БІЛІП ЖҮРІҢІЗДЕР
Ерке Есмахан өзін көре алмайтындарды бір Аллаға тапсырдым деп отыр.
Неше түрлі адам болады. Біліп жүріңіздер. Менде жүрек жоқ деп ойлап, сонша мені көре алмай, ішіндегі уларын шашып, лас сөздерді айтатын адамдарды Аллаға тапсырдым. Әр қиындықты, ауыр сөзді, мазақты күліп қарсы алып,сабырлықпен жеңгеніммен іштей суып, тынып жүретінімді біле жүріңіздер, - деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Алматы қаласын қараңғылық ерте басатынын айтып, шағымданған болатын.