Биржадағы сауда: Доллар курсы сәл түсті

Ғалиасқар Думан

Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысына сай, доллар курсы 494,87 тенгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

Доллар бағамы бір тәулікте 0,47 теңгеге арзандады. Алайда бір айдағы өсім 10,41 теңгеге тең.

Елдегі ақша айырбастау орындарында курс төмендегідей:

доллар: сатып алу – 496-496,5 теғге, сату – 497-497,5 теңге;
еуро: сатып алу – 521-522 тенге, сату – 524-526 теңге;
рубль: сатып алу – 4,92-4,93 тенге, сату – 4,97-5,03 теңге.

Биржада Brent маркалы мүнайдың бағасы баррельі үшін  73,8 долларға белгіленді.

Бұған дейін Ұлттық банк доллар курсы 500 теңгеден асқанда оны нығайтуға бағытталған қандай шараларды қолға алғаны хабарлагған.