Доллар бағамы тағы да өсті

Ғалиасқар Думан

АҚШ валютасын сатып алу бағасы 500 теңгеге жақындап, ал сату бағасы бұл межеден асып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ

2024 жылғы жағдай бойынша доллардың орташа сатып алу және сату бағамы төмендегідей болды:

  • Астана: сатып алу – 496 теңге, сату – 501 теңге;

  • Алматы: сатып алу – 498,5 теңге, сату – 500 теңге;

  • Ақтау: сатып алу – 495 теңге, сату – 499 теңге;

  • Ақтөбе: сатып алу – 498,5 теңге, сату – 501,5 теңге;

  • Қостанай: сатып алу – 498 теңге, сату – 500 теңге;

  • Павлодар: сатып алу – 498 теңге, сату – 499,5 теңге;

  • Семей: сатып алу – 496,7 теңге, сату – 502 теңге;

  • Талдықорған: сатып алу – 498,5 теңге, сату – 501 теңге;

  • Шымкент: сатып алу – 498 теңге, сату – 500 теңге.

Айта кетейік, 18 қарашада Қазақстанның айырбастау пунктерінде доллар бағасы 500 теңгеден асқан болатын.

600 ТЕҢГЕ

Ұлттық банк басшысының орынбасары Виталий Тутушкин доллардың қымбаттап бара жатқанына өте байсалды қарайтынын айтады.

Журналистер одан доллардың 500 теңгеге қымбаттап кетуінің себебін әрі 600 теңге қымбаттау ықтималдығын сұраған.

– 500 – бұл тек сан. Оған байланудың қажеті жоқ. Бүгін 500 - ертең 600... - дейді Виталий Тутушкин. 

ҰБ БҰҒАН ДЕЙІН НЕ ДЕЙДІ

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бұған дейін теңге әлсіреуіне байланысты түсінік беріп, оны нығайтуға бағытталған шаралар туралы айтып берген еді. Оның сөзінше, соңғы уақытта теңгенің әлсіреуіне ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы әсер еткен.