Алматы облысында ер адам бензин құйып, бірге тұратын әйелді өртеп жіберді

Сырым Қаржас

Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі бірге тұрған әйелдің үстіне бензин шашып, өртеп жібергенін растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Freepik

20 қарашада Алматы облысының кенттерінің бірінде ерлі-зайыптылар ішімдік ішкен. Содан кейін олардың арасында жанжал болған. Мас күйінде ер адам оның үстіне бензин құйып, содан кейін оны өртеп жіберген.

Әйел термиялық күйіктерімен ауруханаға жатқызылған.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, қамауға алынған. Қазір қылмыстың барлық мән-жайлын объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, деп түсіндірді полиция.

2024 жылдың тамызында жақында түрмеден шыққан Тараз тұрғыны үйін әйелімен бірге өртеп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді. Әйел ауруханада күйік салдарынан көз жұмған. 

Күйеуі тірідей өртеп жібергісі келген Алматы тұрғыны Индира Тергеубаева өрттен кейін екі жылға жуық уақыт өткен соң жәбірленуші деп танылған болатын.