Астана прокуратурасы елордадағы заңсыз тұрғын үй құрылыстарына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
12 АДАМ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ
Ведомствоның мәліметінше, жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергеліп жатыр, 12 адам қамауға алынды.
Сот прокурордың құны 7 миллиард теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс нысандарынан айыппұл өндіріп алу туралы 8 талап-арызын қанағаттандырды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Астанада заңсыз салынған құрылыстан зардап шеккендердің саны алты мыңнан асады.
QURMANGAZY ТҮК БҰЗЫЛАДЫ
Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатқан 51 құрылыс салушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша жауапқа тартылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз жинау арқылы салынған Qurmangazy тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.
Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы құрылыс әлі түспеген Нұра, Есіл, Сарыарқа ауданындағы жер учаскелері электронды сауда-саттық алаңына шығарылғанын жазған болатынбыз.