Бүгін-ертең Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшады: не үшін

Фото: Қорғаныс министрлігі

23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы жойғыш ұшақтары ұшады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек.

Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.

ТОҚАЕВТЫҢ ШҰҒЫЛ ТАПСЫРМАСЫ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Сізге қызық болуы мүмкін