Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«23 қарашада Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде прокуратура қызметкері алаяқтық күдігімен ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Прокуратура тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялануға жатпайтынын жеткізді.
Еске сала кетсек, 6 қараша күні Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, "Шаңырақ" қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбайды "аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады” деген күдікпен қамауға алғанын хабарлағанбыз.