Синоптиктер 25 қаршаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz..
Астанада күн ашық, ауа температурасы күндіз -1+1 °C аралығында болады деп болжанып отыр.
Алматыда күн алабұлтты, жылы: +7+9 °C аралығында.
Шымкентте күн жылы, арасында жаңбыр жауу мүмкін, ауа температурасы +13+15 °C.
Ақтауда күн ашық, +11+13 °C жылы болады.
Ақтөбеде +2+4 °C аралығында. Жауын-шашын болмайды.
Атырауда күннің бетін бұлт торуылдайды, ауа температурасы +3 +5 °C жылы.
Жезқазғанда да күн алабұлтты, +2+4 °C.
Алабұлтты ауа райы Қарағандыда да болады, ауа температурасы -1+1 °C аралығында.
Көкшетеу мен Қостанайда аздаған бұлт болғанымен, жауын-шашын жаумайды, ауа температурасы 0,-2 °C.
Қонаевта күн ашы әрі жылы, +6+8 °C.
Қызылордада да аспан бұлтсыз болады деп болжанып отыр, +5+7 °C аралығында жылы.
Павлодар мен Өскеменде -4-6 °C, алабұлтты.
Петропавл мен Семейде күн бұлтты, ауа температурасы -2-4 °C суық.
Талдықорғанда күн бұлтты болғанымен жауын-шашын болмайды, +5+7 °C жылы.
Таразда +6+8 °C жылы.
Түркістанда +12+14 °C.
Оралда алабұлтты, +1+3 °C жылы.