Ресейліктерді Қазақстан азаматтығын әпереміз деп алдайтын алаяқтар пайда болды

Ғалиасқар Думан

Алаяқтықтың жаңа түрі шықты. Бұл жолы олар Ресей азаматтарын Қазақстан азаматтығын алып береміз деп алдайтын болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ІІМ

Ішкіс істер министрлігінің мәліметінше, интернетте бірқатар көші-қон қызметтерін алу, оның ішінде азаматтыққа қабылдау, құжаттарды жинау және ресімдеу қызметтерін көрсететін компаниялардың жарнамалары жарияланып жатыр.

“Айта кету керек, бұл фирмалар азаматтықты да, жеке басын куәландыратын құжаттарды да бермейді. Осыған байланысты ІІМ осы саладағы интернет арқылы алаяқтықтың ықтимал жағдайлары туралы ескертеді. Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш білдірушілер ішкі істер органдарына жеке өзі жүгінуге тиіс. Бұл ретте құжаттартарды сенімхат бойынша немесе үшінші тұлғалар арқылы беруге тыйым салынады” делінген министрлік хабарламасында.

Алаяқтар мұндай қызметті 6 500 еуро немесе 3,4 млн теңгеге дуық сомаға істеп беруге уәде береді.

Сондай-ақ олар Қазақстан азаматтығы 90 елге визасыз саяхаттау, америкалық Е-2 визасын ашу мүмкіндігін беріп, тегін медициналық көмек ұсынатынын айтып қызықтырады.