Қызылорда облысында пара алды деген күдікпен полиция майоры ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӘУЕЖАЙДА ҰСТАЛҒАН
Бұған дейін әлеуметтік желіде Қызылорда әуежайында облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы 2 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
ЖҰМЫСТАН ҚУЫЛДЫ
Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті мен жеке қауіпсіздік департаменті бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз әрекеттер жасағаны үшін полиция қызметкерін ұстады. Ол ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды, – делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Орал қалалық сотының төрағасы пара алу үстінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.