Ұлттық ғылым академиясының жаңа академиктері сайланды

Қалижан Бектемір

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Академия академиктерін сайлауға арналған конкурс 2024 жылдың 21 қарашасында аяқталды.

Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерінің жалпы жиналысының шешімімен:

 «Өмір және денсаулық туралы» ғылымдар бөлімшесі

(«Медина және денсаулық сақтау» бағыты)

  • Пя Юрий Владимирович;
  • Кайдарова Диляра Радиковна.

 «Жер, ғарыш және коммуникациялар туралы» ғылымдар бөлімшесі («Жаратылыстану ғылымдары», «Инжиниринг және технологиялар» бағыттары)

  • Калтаев Айдархан;
  • Телтаев Багдат Бурханбайулы;
  • Бакенов Жумабай Бекболатович;
  • Батырбеков Эрлан Гадлетович

 «Агробиоресурстар және экология туралы» ғылымдар бөлімшесі («Ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары» бағыты)

  • Орынбаев Мухит Бармакулы

 «Білім және қоғамды дамыту туралы» ғылымдар бөлімшесі

(«Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер» ғылым бағыты»)

  • Таймагамбетов Жакен Кожахметович

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктері болып сайланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: ҰҒА, Назарбаев және Саясат Нұрбектің «жаңа академиясы»