Әлеуметтік желіде Андрей Чеботеров атты азамат Esentai Mall қызметкерлерін гүлін өздеріне алып қалмақ болғанын ашулана желіге жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫ НЕ ДЕЙДІ
– Шынымды айтсам, әлі есеңгіреп отырмын. Бүгін курьер жарыма арналған бір құшақ гүлді Esentai Tower емес, Esentai Mall-ға әкеліп, ресепшенге қалдырып кеткен. Мен мән-жайды анықтай бастаған кезде ресепшендегі қыздар гүлді басқа адамға беріп жібергенін хабарлады. Сол қыздың кетіп қалғанын айтты. Ал кешқұрым олар гүлді тек өзіне қалдырғанды жөн көргенін білдім. Курьер айғай-шу шығарғаннан кейін олар ақыры гүлді беріп тыныпты. Мен бұл қалай болғаны түсінбеймін, – дейді ол.
Андрейдің жазуынша, әйел курьер Индрайверде жұмыс істеген. Осы жағдай үшін оны жұмыстан шығарып жіберген.
– Индрайвердерден сол әйелді жұмысқа қайтаруды өтінемін. Бірақ бөтеннің гүлін иеленіп қалуға тырысу деген… Елдегі ең күшті Mall емес пе еді, – деп жазады ол.
Чеботеров жұмысын қайта қалпына келтіруге тырысып жүрген курьермен байланыста отырғанын хабарлайды. Гүл сатқан дүкен жағдайды реттеу үшін барын салған көрінеді. Ал Esentai Mall өз ақпарат көздерінде бұл жағдайға байланысты түсініктеме таратқан жоқ.