Ресей әскері Украинаны қарқынды түрде басып алып жатқаны хабарланды

Ғалиасқар Думан

Ресей армиясы 2024 жылдың басынан бері Украинада бұрын-соңды болмаған қарқынмен аумақтарды басып алуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

© РИА Новости

ТОЛЫҒЫРАҚ

Германиялық BILD балысымынң ақпаратынша, өткен аптада Ресей Қарулы Күштері 235 шаршы шақырым аумақты бақылауға алған. Ең жылдам алға жылжу Украина оңтүстігінде, атап айтқанда, Великая Новоселка елді мекені маңында байқалады.

Жалпы, қараша айының басынан бері Ресей әскері Украинада шамамен 600 шаршы шақырым аумақты басып алған. DeepState жобасының мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш қазан айындағыдан 100 шаршы шақырымға артық. Сол кезде Ресей Қарулы Күштері 490 шаршы шақырым украин аумағын бақылауға алған болатын.

«Ресей Қарулы Күштері соңғы уақытта 2023 жылдың барлық кезеңімен салыстырғанда әлдеқайда жылдам қарқынмен алға жылжуда», – делінген Вашингтондағы соғысты зерттеу жөніндегі Америкалық институт сарапшыларының баяндамасында.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.