Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ломбардты тонамақ болып, ойыншық тапаншамен қорқытып, алайда әрекетіне кездейсоқ адам кедергі жасаған айыпкерге үкім шығарды,Ло деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, Қылмыс жасауға тура бағытталған
191-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.
Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылды, жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.
Заңға сәйкес, қылмысқа оқталу үшін жаза ең жоғары мерзімнің ¾ бөлігінен аспауы керек.
Іс бойынша тергеу жеделдетілген тәртіпте жүргізілді, сондықтан ҚК-нің 56-бабының 3-бөлігіне сәйкес жаза ең жоғары мерзімнің ½ бөлігінен аспауы керек.
Осыған байланысты сотталушы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге жатады.
ОҚИҒАНЫ МӘН-ЖАЙЫ
Шымкентте медициналық бетперде киген қылмыскер ломбардқа басып кіріп, ломбард қызметкерін ойыншық мылтықпен қорқытып, 100 мың теңге талап еткен. Оның әрекетіне ломбардқа телефонын өткізу үшін кірген 18 жастағы келуші жол бермеген. Қылмыскер оқиға орнында ұсталып, қылмысын аяғына дейін жеткізе алмаған.
ІСТІ ҚАРАУ
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында айыпталушыға қатысты ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (зорлық-зомбылық қолданамын деп қорқытып, бөтеннің мүлкін ашық ұрлауға оқталу) қылмыстық іс қаралған.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен жәбірленушінің өкілінің айғақтарымен, бейнежазбалармен және басқа да дәлелдемелермен дәлелденген.
ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігінде, 191-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.
Жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау, жасаған қылмысына шын жүректен өкіну, жастығы, соттылығының болмауы жатқызылған. жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар белгіленбеген.
ҮКІМ
Жоғарыдағы мән-жайларды ескеріп судья айыпкерге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектек жазасын кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ЕРЖҮРЕК ЖІГІТ КІМ
Қару кезенген ер адамға тарпа бас салып, оны тоқтата білген жасөспірім Ulysmedia.kz тілшісіне оқиға қалай болғанын айтып берген.
Батыл әрі қауіпті қадамға барып, қылмыстың алдын алған жігіт Ұлықбек Ахмедов есімді 18 жастағы студент болып шықты. Оқиға болған 6 қазан жексенбі күні досы екеуі телефонын ломбардқа өткізуге барған. Телефонын кассир қызға беріп тұрғанында жанына бетін тұмшалап, капюшон киген әлдекім келгенін байқайды. Ол кассадан әлденені сұрап, айналшықтап жүреді. Бірақ ешкім-ештеңеден сезіктенбейді. Оқиғаны қалай болғанын мына жерден оқи аласыз.