Қар, тұман, жел: қарашаның соңында ауа райы қыңыр мінез танытады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер қарашаның соңғы үш тәулігіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

“Аптаның ортасында республика батысының оңтүстік бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және желдің күшеюі, ал айдың аяғында елдің басым бөлігінде, бұл ретте Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аудандарда қатты жауын-шашын болжанады” дейді синоптиктер.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.