Ақтаудағы 28А ықшам ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланған оқиға орнынан түсірілген видеодан кейін белгілі болды.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті ер адамның денесі 26 қарашада табылғанын нақтылады. Марқұмның белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам екені белгілі болды.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ
Кісі өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу тағайындалды, – деп хабарлады полициядан.
Құзырлы ведомство тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын айтты.