Алдымен тамағын орып жіберген: Жаңаөзенде ер адам 4-қабаттан секіріп кетті

Қалижан Бектемір

Жаңаөзен қаласында ер адам алдымен тамағын кесіп, кейін 4-қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Жантүршігерлік оқиға бүгін сағат 17:30 шамасында "Самал" шағын ауданындағы 28-үйде болған.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, ер адам әйелімен жанжалдасып қалған соң екінші қабаттағы балконда тұрып, тамағын кескен. Содан соң үйдің 4-қабатынан секірген, салдарынан екі аяғы сынып, ауыр жағдайда Жаңаөзен көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Қазір ота жасалып жатыр.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен тұрғын құмар ойын ойнаған, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде әскери қызметші өзіне қол жұмсағанын жазған болатынбыз.