Ресейде соғысқа қарсы шыққан депутат сотталып кетті

Сырым Қаржас

Ресей соты Мәскеуден келген муниципалды депутат Алексей Гориновты үш жылға колонияға үкім шығарды. Бұл Гориновқа тағылған екінші бап ("терроризмді ақтады") бойынша екінші қылмыстық іске шыққан үкім, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: KIRILL KUDRYAVTSEV/AFP/Getty Images

ҮКІМ

Гориновті бұған дейін армия жайлы "фейк таратты" деген айып бойынша жеті жылға соттаған еді. Красносельск ауданы депутаттарының муниципалдық кеңесінде соғысқа қарсы сөздері үшін ол қамауға алынған. 2023 жылдың күзінде Горинов "Украинаның Азов батальоны және Қырым көпірін бұзу туралы сотталушылармен әңгімелесі" үшін терроризмді ақтау бабына іліккен.

УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫС

Ресей 2022 жылғы 24 ақпанда көрші әрі бауырлас мемлекет – Украинаға басып кірген. Президент Владимир Путин кейінгі кезге дейін басқыншылықты “арнайы операция” деп атап, ондағы мақсаты орыс тілді азаматтардың құқығын қорғау екенін айтудан танбады. Түрлі сарапшылар шын мәнінде Путинге Украинаның өркениетті Еуропаға қарай бой түзеп, Еуро Одаққа, НАТО-ға қосылуды жоспарлау арқылы өзінің ықпалынан сусып бара жатқаны ұнамағанын айтады.

ПУТИННІҢ МАҚСАТЫ

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің басты мақсаты – Донецк пен Луганск облыстарынан тұратын Донбасты толығымен басып алу және Украинаның Курск облысындағы әскерлерін ығыстыру екенін мәлімдеді.

Бұған дейін Путиннің Украина бойынша “бейбіт” жоспары елді үш бөлікке бөліп, оккупацияны жалғастыруды көздейтіні хабарланған.