Премьер-Министр Асқар Маминге «Алтын-Емел» және «Шарын» ұлттық парктерін дамыту тұжырымдамасы таныстырылды.
«Шарын» шатқалында сусыз жұмыс істейтін эко-дәретханалар, демалуға арналған беседкалар, туристер шөлін басатын су бұрқақтар, сонымен қатар табиғатты тамашалауға арналған алаңдар ашылды, деп хабарлайды QazaqGeography.
«Сондай ақ, «Қамалдар алқабында ұялы байланыс антенналарды орнатылды», - делінген ақпаратта.
Еске салайық, 2021 жылы 29 мамырда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шарын шатқалының төменгі бөлігінде сел жүрді. Оқиға салдарынан екі адам қайтыс болды: оқушы мен мұғалім, тағы алты адам жарақат алды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, селдің жүруі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты болған.