Гвинеяда футбол матчы төбелеске ұласып, 50-ден астам адам қаза тапты

Ғалиасқар Думан

Гвинеяда даулы гол жаппай адам өліміне әкеліп соқты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ВВС
Жергілікті командалар арасындағы даулы гол жанкүйерлер арасында қақтығыс тудырды. Төбелес пен одан кейінгі дүрбелең салдарынан 56 адам қаза тауып, одан да көп адам жарақат алды, деп хабарлады ВВС.
 
Видео жазбаларда кейбір жанкүйерлер төрешінің шешіміне наразылық білдіріп, айқайлап, алаңға шығып, төбелес басталғанын көруге болады.
 
«Даулы пенальти жанкүйерлерді ашуландырды, олар тас лақтыра бастады. Сол кезде қауіпсіздік қызметтері көзден жас ағызатын газ қолданды», – деп хабарлады жергілікт Media Guinea басылымы.
 
Guinea Panorama басылымының хабарлауынша, төбелес тез өршіп, стадионда дүрбелең басталған.

Премьер-министр Мамаду Оури Ба үкімет «футбол матчындағы қаралы оқиғаларға өкініш білдіретінін» мәлімдеді.

Жексенбі күні Labe және Nzerekore арасында өткен матча елдің әскери басшысы Мамади Думбуйи құрметіне арналған турнирдегі финалдық ойын болған.

Оппозициялық «Өзгерістер мен демократия үшін ұлттық альянс» тобы бұл ауыр оқиғалар үшін билік елеулі жауапкершілік арқалайтынын мәлім етті.