Ресей Донецк облысындағы Курахова қаласын басып алуға жақын

Ғалиасқар Думан

Ресейліктер Кураховада алға жылжып, Ұлы Новоселкаға апаратын жолдардың бірін кесіп тастады деп хабарлайды Ulysmedia.kz

DeepState

Украиндық DeepState жобасының деректеріне сәйкес, ресейлік шабуыл топтары Кураховадағы орталық бөлікке жылжып, оның барлығы дерлік ресейліктердің бақылауына немесе бейтарап аймаққа өткен.

Одан әрі батысқа қарай, украин әскері бақылап отырған жалғыз ірі өндірістік аймақ – Курахов жылу электр станциясы ғана қалды.

Сонымен қатар, DeepState ресейліктер су қоймасының солтүстік жағалауын толық бақылауға алғанын және оңтүстік жағалауында орналасқан Кураховадан қорғаныс үшін маңызды «Старые Терны» ауылына кіргенін мәлімдеді.

«Жаңа Комар маңындағы байланыс сызығы нақтыланды», – деп жазады DeepState карта жаңартуы туралы жазбасында.

Бұл ауыл Кураховадан оңтүстік-шығысқа қарай және Ұлы Новоселканың солтүстігінде орналасхан. Ресейліктер оған кем дегенде екі күн бұрын шабуыл жасап, басыл алды. Осылайша, Ұлы Новоселкаға апаратын екі негізгі жолдың бірін кесіп тастады.

Ұлы Новоселканың өзін, өткен жылғы сәтсіз украин шабуылының салдарынан қалған майдан шебіндегі маңызды елді мекенді, ресейліктер бір аптадан астам уақыт бұрын шығыс жақтан қоршауға алған.

Курахова Донецк облысындағы Покров аудынынң орталығы.