Оқушыларды тамақтандырудың бірыңғай стандарты бекітілмек: нендей өзгеріс бар

Ғалиасқар Думан

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың жаңа стандарты туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz
ТОЛҒЫРАҚ
Құжаттың мақсаты – сапалы және теңгерімді тамақтануды қамтамасыз ету. Жоба көздейтін өзгерістер:
  • салауатты тамақтану қағидаттарын ұстану,
  • тыйым салынған өнімдер мен шикізаттар тізімі,
  • тағамдардың құрамы мен балалардың жасына сәйкес порционлары бойынша ұсыныстар.

Соным қатар құжатта өнімдерді тұтыну нормалары, ауыстыру кестесі және ерекше диеталық қажеттіліктері бар балалардың тамақтану ережелері көрсетілген. Аллергия тудыратын немесе құрамында глютені бар өнімдер тізімі анықталып, мәзірді жоспарлау тәсілдері ұсынылған.

Жобаның мақсаты – білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тамақтануды ұйымдастырудың бірегей әдістерін қамтамасыз ету, сондай-ақ асханалары жоқ шағын жинақты мектептерде тамақтануды ұйымдастыру форматын қарастыру.

ТЫЙЫМ

Білім беру ұйымдарында қолдануға тыйым:

  • фарш қосылған құймақтар, зельцтер, форшмактар, холодец және паштеттер;
  • кремді кондитерлік өнімдер, кремсіз тәттілер (тәулік бойы жұмыс істейтін мекемелерді қоспағанда), балмұздақ, азық-түлік концентратары және сағыз.

Сонымен қатар келесі сусындар мен тағамдарды сатуға шектеу қойылмақ:

  • тәтті спиртсіз сусындар, энергетик, газдалған сулар, емдік және емдік-асханалық минералы сулар, концентренген шырындар, пастерленген жеміс-жидек және көкөніс шырындары, дәмдік қоспалар
  • фритюрде қуырылған тағамдар, үйде дайындалған өнімдер, фастфуд (гамбургерлер, хот-догтар, пицца, наггетстер, чипстер, тұзды кепкен нан);
  • өткір тұздықтар, кетчуптер, бұрыш, желкек және қыша сияқты дәмдеуіштер.

Соными қатар, пастерленбеген сүт, термиялық өңдеуден өтпеген сүзбе мен қаймақ, шұжық өнімдері, ысталған тағамдар, кофе және кофеден жасалған сусындарды сатуға тыйым салынады. Сүт майын алмастырғыштары бар өнімдер, қант мөлшері дайын өнім салмағының 25%-ынан асатын печеньелер және тұз мөлшері 0,5%-дан жоғары нан-тоқаш өнімдеріне де тыйым салынған.

Жобаны талқылау 17 желтоқсанға дейін жалғасады.