Байден биліктен кеткенге дейін Украинаға қомақты көмек жасауға тырысып жатыр

Ғалиасқар Думан

АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен Украинаға қолдау көрсету және америкалық қару-жарақ қорларын толықтыру үшін қосымша 24 миллиарда доллар қаржыландыру сұрады, де хабарлайды Ulysmedia.kz.

AP

Бұл туралы «Америка дауысы» басылымына екі америкалық шенеунік жеткізген.

Байден әкімшілігі қызметі аяқталатын 20 қаңтарға дейін Конгресс бұған дейін Киевке көмек көрсетуге мақұлдаған қалған қаражатты пайдалануға тырысуда.

Әкімшіліктің сұранысымен таныс шенеуніктердің мәлімдеуінше, сұралған соманың 16 миллиарды Украинаға Пентагон қорларынан президенттің өкімі бойынша берілген қару-жарақ қорларын толықтыруға арналған. Қалған 8 миллиард доллар Украина қауіпсіздігін қамтамасыз ету бастамасы аясында қару-жарақ өндірісіне, яғни Киевтің ұзақ мерзімді қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.

«Бұл қаржыландыру Украина тәуелсіздігі үшін күресті қолдап қана қоймай, Ресейдің әскери әлеутін әлсіретеді, сонымен қатар, АҚШ қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын арттырады, қару-жарақ жүйелерин жаңартады және біздің әскери-өндірістік кешенге инвестиция салаты», – деген АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі дүйсенбі күні «Америка дауысына».

Байден әкімшілігі Украинаға көмек көрсету туралы өтінішті қосымша қаржыландыруға арналған жеке құжат ретінде емес, басқа да мәселелер бойынша шығындарды қамтитын төтенше жағдайларды қаржыландыру туралы заң жобасы түрінде ұсынған.

«Бұл жедел қажеттілікті қанағаттандырудың ең қолайлы әдісін анықтауды Конгрестің қарауына қалдырамыз», – деді шенеуніктің бірі.

Жаңа өтініш туралы алғаш болып Politico басылымы хабарлаған.

Бұған дейін НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрі Украинаға әскери көмек көрсету мәселесін талқылау үшін жиналатыны хабарланған. Алайда бұл жиында альянсқа мүше болу туралы мәселе күн тәртібіне енбеген.