Украина НАТО үшін орындалуы қиын талап қойды

Ғалиасқар Думан

НАТО сыртқы істер министрінің кездесуі қарсаңында Украина Сыртқы істер министрлігі Украина үшін қауіпсіздіктің жалғыз нақты кепілі тек НАТО-ға толыққанды мүше атану екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Киев басқа форматарды, НАТО-ға мүше болуды алмастыратын кепілдіктерді алдын ала қабылдамайтынын айтты

«Будапешт меморандумының ауыр тәжірибесін ескере отырып, біз Украина үшін НАТО-ға толыққанды мүше болудың ешқандай баламасын, алмастырғышын қабылдамаймыз» делінген хабарламада.

Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибиг НАТО-да өтетін министрлер кездесуін ұстамды сипаттап отыр.

«Біз одақтастардың сыртқы істер министрлері Украинадағы жағдай туралы пікір алмасып, Украинаға деген берік қолдауымызды қайта растайды деп күтеміз», –  деді НАТО-ның ресми өкілі ВВС-ге.

Оның айтуынша, альянс 3-4 желтоқсанда өтетін кездесуде Ресейдің агрессиялық әрекеттерін де талқылайды.

Бұған дейін НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрі Украинаға әскери көмек көрсету мәселесін талқылау үшін жиналатыны хабарланған. Алайда бұл жиында альянсқа мүше болу туралы мәселе күн тәртібіне енбеген.