Марат Жыланбаев сотталғандармен шекісіп қалды – адвокат

Қалижан Бектемір

Марат Жыланбаевтың адвокаты Мейіржан Досқараев белсенді 13 қарашадан бері аштық жариялап жатқанын, сотталғандармен шекісіп қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

АДВОКАТ НЕ ДЕЙДІ

Жиырма күн бойы аштық жариялап жатыр. 10 қазанда түрме басшылығы Скайп жүйесін өшіріп тастады. Сол себепті  оның сотталғандармен ерегісі болды. Марат Жыланбаевтың аштық жариялағанына 20 күн болды. Сондай-ақ ол санэпидстанса өкілдері келгенін қалайтынын жеткізді, - деді адвокат.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салсақ, бұған дейін Степногорск қаласының №4 мекемесінде қамауда отырған азаматтық белсенді және марафоншы Марат Жыланбаев тағы да аштық жариялаған болатын. Жыланбаев 13 қарашадан бастап ұстау шарттарына наразылық білдіру үшін тамақ ішуден толық бас тартқан.