Көкшетауда мүгедек балаларға бөлінген қаржыны жымқырған

Ғалиасқар Думан

Көкшетау қаласының прокуратурасы мүгедек балалардың қажетіне бөлінген қаражатты жымқырғандардың әрекетін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Қалалық прокуратура «Artsport» және «DamuBala» бағдарламалары аясында балаларға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған спорт секцияларына бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемаларын әшкерелеген.
 
Атап айтқанда, Көкшетаубойынша мемлекеттік тапсырыстарды жеткізушілердің бірі секцияларға мүлдем қатыспаған балаларға орындалған жұмыстардың актілерін ұсынған.
 
Осыған орай, қала прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Жылуға бөлінген ақшаны жымқырғандар Астана мен Шымкенттен қос-қостап үй алғаны хабарланған.