Трансгендер Амилайды әскерге шақырып жатыр

Қалижан Бектемір

Амилай есімімен танымал трансгендер әскерге шақырту қағазын алғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«БАУЫРЫМ, СЕН ҚАЙДАСЫҢ?»

Трансгендердің айтуынша, оған әскери комиссариаттан қоңырау шалып, шақыру қағазы жіберілген.

Маған қоңырау шалып: «бауырым, сен қайдасың?» деп сұрады. Мен «бауырың емес, қарындасыңмын» деп жауап беріп, трансгендер Амилай екенімді түсіндірдім. Маған төлқұжатымды алып, дүйсенбіде әскери мекемеге келуім керек екенін айтты, – дейді ол.

«ОФИЦЕРЛЕРДІ ӨЗІМЕ ҒАШЫҚ ЕТУІМ КЕРЕК»

Сондай-ақ ол әскерге барынша әдемі болып баруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Мен армияға дайындаламын. Мен шашымды жасаймын, кірпіктерімді ұзартамын және әскерде әдемі болып жүремін. Әр түрлі жігіттер мен офицерлерді өзіме ғашық ету керек, – деп қосты трансгендер.