Танымал әнші Арман Сейітжаппар қамауға алынды

Қалижан Бектемір

Алматыда ARO лақап атымен танымал әнші Арман Сейітжаппар қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: deezer.com

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Полицияның мәліметінше, оқиға 2 желтоқсан күні кешкісін болған. Патрульдік полиция қызметкерлері Шаляпин көшесінде "Тойота" көлігін тоқтатқан. Медициналық сараптама жасалып, жүргізушінің есірткілік мас күйінде болғаны анықталды.

Тергеу барысында көлік иесі әнші ARO екені белгілі болды, ол көлікті ағасына жүргізуге берген.

15 КҮНГЕ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Сотта іс көлік иесіне қатысты “басқаруды мас күйіндегі адамға беру” бабы, ал жүргізуші, әншінің ағасына қатысты “көлік құралын мас күйінде басқару” бабы бойынша қаралған. 

Сот екі айыпталушыны да әкімшілік қамауға алу туралы шешім қабылдады. Әнші Арман Сейітжаппар 15 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ әнші жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Еске салсақ, ARO “Адай” күйіне сөз жазып, танымал болған жас әнші.