Атырау облысында 84 киіктің өлексесі табылды

Сырым Қаржас

Атырау облысының Құрманғазин ауданында 84 бас киік өлексесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, түз жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп болған.

«Охотзоопром» мамандары ветеринарлық қызметпен бірлесіп, қалдықтарды жинап, кәдеге жаратты. Анықтау орындарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.

«Мәселе аудан әкімдігінің бақылауында, өлекселер қалған жоқ», - деп атап өтті әкімдіктегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан тұрғындарын мессенджерде тараған киіктердің өлімі туралы бейнероликтер шошыптқанын жаздық. Ал Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев киіктер ауыл шаруашылығына 10 млрд теңгелік зиян келтіргенін мәлімдеген.