Аяздың беті қайтып, күн біртіндеп жылынады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер аяз сынып, ауа температурасы біршама жоғарылайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көрнекі сурет

Синоптиктер дерегінше, аптаның басында Солтүстік циклон жырасы республиканың көп бөлігінде ауа - райының тұрақсыз сипатын анықтайды: қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.

“Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: түнде елдің батысында 0-8 аязға дейін, солтүстік-батысында, солтүстігінде 7-15 аязға дейін, Қазақстанның орталығында 10-18 аязға дейін, республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7-20 аязға дейін, оңтүстік облыстарда 5-13 аязға дейін” делінген хабарламада.

Бүгін Астанада қар жауады деп күтілуде. -10-12 °C суық.

Алматыда күн алабұлтты. Ауа температурасы -5-7 °C .

Шымкентте көшпелі бұлт тұрады, ауа температурасы 0,-2 °C.