ОПЕК 2024 жылы әлемдік мұнай сұранысының болжамын тағы төмендетті

Сырым Қаржас

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мұнайға әлемдік сұраныстың биыл және келесі жылға арналған болжамдарын қатарынан бесінші рет төмендетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

reutersmedia.net

ОПЕК 2024 жылы мұнайға әлемдік сұраныстың өсу болжамын бұрын күтілген 1,82 миллион BPD орнына тәулігіне 1,61 миллион баррельге (BPD) дейін реттеді. Бұл көрсеткіш үшінші тоқсандағы жағымсыз деректерді алуға байланысты болып отыр, деп жазады Bloomberg.

2025 жылға арналған болжам да қайта қаралған. Қазір мұнайға әлемдік сұраныстың күтілетін өсімі 1,45 миллион BPD құрайды, бұл алдыңғы 1,54 миллион BPD болжамынан аз.

Сонымен қатар, ұйым 2024 жылдың қарашасында мұнай өндірісі 26,66 миллион BPD болғанын хабарлады, бұл Ливиядағы өндірістің ұлғаюына байланысты қазан айынан 104 мың BPD артық.

Болжамдар келесі жылы Қытайда мұнай тұтынудың шыңына жету мүмкіндігін көрсетеді, бұл одан әрі болжамдарға белгісіз сипат қосады. Сарапшылардың пікірінше, 2025 жыл мұнай нарығы үшін қиын болуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, желтоқсан айының басында Қазақстан және басқа ОПЕК+ елдері шектеулерді ұзартуға шешім қабылдаған.

Сондай-ақ, сарапшылар 2025 жылы Қазақстанмен байланысты ОПЕК+ үшін мүмкін болатын ішкі сын-қатерлер туралы хабарлаған.