Жамбыл облысында үш жасөспірім қыз зорлады деген күдікке ілінді

Ғалиасқар Думан

Полиция кәмелетке толмаған қызды топ болып зорлау оқиғасы туралы хабарлады. Басты күдіктілер – үш жасөспірім, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

esp.md

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс бойынша тергеу аяқталуға жақын – қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысу кезеңінде. Осыдан кейін іс прокуратураға, одан соң сотқа жіберіледі.

“Тергеу барысында кәмелетке толмаған үш күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, үшіншісіне қатысты - жеке кепілгерлік тағайындады” полициядағылар.

Бұған дейін Екібастұзда ер адам 14 жастағы жасөспірім қызды зорлағаны хабарланған.

Ал Көкшетауда күйеуінің қорлығынан әйел асылып өлген, полиция істі тоқтатып тастаған.