Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды

Қалижан Бектемір

Батыс Қазақстан облысында өзеннен ер адамның денесі табылды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay

ПД мәліметінше, оқиға 13 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы аумағында болған.

Шамамен сағат 12.00-де Садовое ауылы маңында Шаған өзеніндегі мұздың үстінен ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Ер адамның кім екені анықталды. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді, - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы үйлердің бірінің ауласынан еркек пен әйелдің денесі табылғанын жазған болатынбыз.