Оңтүстік Корея парламенті президент Юн Сок Ёлға екінші мәрте әрекеттеніп импичмент жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕРЕКТЕР
Оңтүстік Кореяның оппозициялық парламенті президент Юн Сок Ёлға импичмент жариялауға дауыс беріп, оның өкілеттігін тоқтатты.
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Ұлттық ассамблеядағы 300 орынның 192-сін бақылайтын оппозицияға биліктегі «Азаматтық күш» партиясының бірнеше мүшесі қосылғаннан кейін қабылданған, бұл импичмент жариялау үшін қажетті дауыс санын алуға мүмкіндік берді.
Импичментке 204 депутат дауыс берсе, 85-і қарсы, үшеуі қалыс қалды, сегіз бюллетень жарамсыз деп танылды.
Өкілеттігінің тоқтатылғанына қарамастан, Юн Сок Ёл президент болып қала береді. Конституциялық сот оның қызметінен босатылатынын я босатылмайтынын алдағы жарты жылдың ішінде шешеді.