Астанада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі жабылады

Қалижан Бектемір

City Transportation System (CTS) компаниясы Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 30 желтоқсанға дейін жабылатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

НЕ ҮШІН?

Жолдың уақытша жабылуы LRT желісінің 105-станциясындағы шпунттық қоршауларды бұзу жұмыстарына байланысты енгізілмек. Жол қозғалысы 14 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін шектеледі, — делінген хабарламада.

CTS компаниясының мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» аялдамасынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метрлік жол бөлігі ішінара жабылады. Бұл көліктердің бір жолағына қатысты болады.

ЖОЛ ЖҮРУ БАҒЫТЫН ЖОСПАРЛАҒАН ЖӨН

Қала билігі мен CTS компаниясы тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды, — деді компания өкілдері.

Бұған дейін Астанадағы Сығанақ көшесі тоғыз айға жабылатынын жазған едік.