«Интернеттен кеңес алған»: Шымкентте әйел қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен

Қалижан Бектемір

Шымкентте қан қысымын төмендету үшін сірке суын ішкен әйел ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Getty Images

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Otyrar.kz сайтының жазуынша, дәрігерлер өз-өзін емдемек болған келіншекті аман алып қалды.

53 жастағы әйел қан қысымын халық әдісімен төмендетуге тырысып, ғаламтордан кеңестер оқып, куркума мен алма қосылған сірке суын ішкен.

ЛАЙЕЛЛ СИНДРОМЫ

Алайда науқаста анафилактикалық шок пайда болып, аса ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Дәрігерлер келіншектен тері мен шырышты қабықтың кең зақымдануымен сипатталатын аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі – Лайелл синдромын анықтады.

Келіншек екі күн бойы аса ауыр халде жатқан.