«Рекордтық көрсеткіш»: Оңтүстік Кореяда шетелдік жұмысшылардың саны белгілі болды

Қалижан Бектемір

Оңтүстік Кореяда жұмыс істейтін шетел азаматтарының саны рекордтық көрсеткішке жетіп, алғаш рет 1 миллионнан асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Yonhap-қа сілтеме жасап.

Фото: qadam.asia

КІМ ҚАЙДА ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Корея статистикасының мәліметінше, мамыр айындағы жағдай бойынша елде тұратын 15 және одан жоғары жастағы 1,56 миллион шетелдіктің 1,01 миллионы немесе 64,7 пайызы жұмысқа орналасқан.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 87 мың адамға немесе 0,2 пайызға артқан.

Шетелдік жұмысшылардың 73,2%-ы 50 адамнан аз қызметкері бар компанияларда жұмыс істесе, тағы 24,1%-ы 50-ден 299-ға дейінгі қызметкері бар компанияларда жұмыс істеген. Небәрі 2,7 пайызы 300-ден астам қызметкері бар ірі компанияларда жұмыс істеген.

СТАТИСТИКА

Кореяда 2012 жылдан бастап жүргізілген статистика бойынша 2012 жылы шетелдік қызметкерлердің 79,1 пайызы шағын кәсіпорындарда жұмыс істесе, 3,4 пайызы ірі корпорацияларда жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгермеген.

Мәліметтер көрсеткендей, Оңтүстік Кореядағы барлық шетелдіктердің шамамен 51,2% ай сайын 2 миллионнан 3 миллион вонға (1,392 - 2,089 доллар) дейін, ал 37,1% -ы 3 миллион вон табыс тапқан.

Ал Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Бұған дейін Конституциялық сот Юн Сок Ёльге импичмент жариялау процедурасын бастайтынын жазған едік.