Соғыс басталғалы ресейлік сарбаздар кемі 177 украиналық тұтқынды асып өлтірген

Ғалиасқар Думан

Ресейдің Украинаға қарсы толыққанды басып кіруі басталғалы украиналық әскери тұтқындарды өлім жазасына кесудің 177 жағдайы расталды. Олардың басым бөлігін асып өлтірген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Ap

МӘН-ЖАЙЫ

Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец "Украинская правда" басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады Настоящее время басылымы.

Оның сөзінше,  жағдай "айтарлықтай нашарлаған" – тек 2024 жылы 109 өлім жазасы ресми түрде расталған. Бұл деректер украиналық әскери тұтқындардың өлім жазасына кесілгенін көрсететін бейнематериалдарға негізделген. Мұндай материалдар Лубинецтің ведомствосына украиналық арнайы қызметтерден немесе Қарулы Күштер бөлімшелерінен келіп түседі.

"Украиналық әскери тұтқындарды ресейлік сарбаздардың өлім жазасына кескен фактілері туралы мен Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Татьяна Москальковаға да хабарладым: делдалдар арқылы да, тікелей де. Олар 'заңды түрде жауап береді' деп уәде берді, бірақ шынымды айтсам, бұған сенбеймін", – деді Лубинец.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР

2024 жылдың қараша айының басында Украина Бас прокуратурасы кеңсесінің қақтығыс жағдайында жасалған қылмыстарға қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Денис Лысенко украиналық 124 әскери тұтқынның өлімін тергеуге қатысты 49 қылмыстық іс жүргізіліп жатқанын айтқан.

Оның айтуынша, ең көп өлім жағдайлары Донецк облысында тіркелген.

"Қазір біз осы жағдайлардың барлығын талдап, заңдылықтары мен үлгілерін анықтап жатырмыз. Сондай-ақ, мұндай қылмыстарды ұйымдастыруға немесе оларды тоқтатуға және кінәлілерді жазалауға шара қолданбауға қатысы болуы мүмкін деп есептелетін РФ Қарулы Күштерінің жоғары командалық өкілдеріне қатысты істерді дайындап жатырмыз", – деп атап өтті Лысенко.

Лубинецтің айтуынша, алғаш рет ресейліктердің украиналық әскери тұтқындарды өлім жазасына кескені туралы ақпарат БҰҰ-ның ресми есептерінде 2024 жылы пайда болған. Оның дереггінше, бұл тұрақты мониторинг миссиясының есебінде ғана емес, сондай-ақ азаптаулар бойынша арнайы баяндамашы Элис Эдвардстың есебінде де көрсетілген. Ол ресейлік тұтқында болған украиналық әскери қызметшілердің 95%-ы жүйелі түрде азаптауға ұшырағанын растаған.