Жылдық есеп барысында журналистердің бірі Путиннен Ресейдегі еңбек мигранттары жайлы сұрақ қойған. Путин бір жағынан біліктілігі жоқ еңбекке деген қажеттілікті азайту керектігін айтса, екінші жағынан Ресейге ақша табуға келген адамдарды алдын ала дайындау керек деп мәлімдеді,
– Орталық Азия елдерінде орыс мектептері желілерін ашып, болашақ мигранттарды Ресейдің мәдениетімен, құндылықтарымен және заңдарымен таныстыру қажет. Сонымен бірге, елде жүрген шетелдіктерге қойылатын талаптарды күшейту қажет, - дейді ол.
Осы бағыттағы қозғалыстың бір мысалы ретінде Путин орыс тілін білмейтін балаларды мектепке қабылдамауға мүмкіндік беретін заңды атады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ
Екі елдің келісімі бойынша Қазақстанның үш облысында орыс мектептері ашылады. Ол білім ордасы кімнің қаражаты есебінен салынатынын бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі министрден сұрап білген еді. Қазақстандағы орыс мектептері Түркістан, Тараз және Қызылордада салынады.
Сонымен қатар, Ресейде Қазақстанның үш мектебі бой көтереді.