Ресей мұсылмандары діни басқармасы төрт әйелге дейін алуға рұқсат берді

Сырым Қаржас

Ресей мұсылмандары діни басқармасының (ДУМ) Улем кеңесі мұсылмандарға төрт діни некеге тұруға рұқсат берді. Бұл туралы кеңес төрағасының орынбасары әрі РФ МДБ төрағасының орынбасары, Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдинов мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

– Ер адамның екінші, үшінші немесе тіпті төртінші діни некеге тұру мүмкіндігі турасында шешім қабылданды. Егер жұбайының денсаулығына байланысты, ұрпақты болу жасының аяқталуына немесе басқа объективті себептерге байланысты, айталық, жұбайының жыныстық үйлесімсіздігіне байланысты бала таба алмаса, бұған жол беріледі. Ерлі-зайыптылардың балалы болғысы келмеуі сияқты фактілер де ескеріледі, - деп РИА Новости Аляутдиновтың сөзін келтіреді.

Төртке дейін некеге тұру күйеуінің барлық әйелге әділ және тең қарым-қатынасы жағдайында мүмкін екені аталып өтеді. "Ресей Федерациясының мұсылман қауымдастығындағы көп әйел алу мәселелері" пәтуасын шығарған кеңестің отырысы бір күн бұрын өткізілген.

Әлеуметтік желілер арқылы танымал имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы бұған дейін тоқал алуға қатысты өз ойын айтқан еді. Ол көп әйел алуды қолдамайды.