Ауғанстанның Газни провинциясында болған екі жол-көлік оқиғасы кезінде 52 адам қаза тауып, 76 адам зардап шекті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қайғылы көлік апаты Шахбоз және Нани аудандарында болған екен. Автобустар, жанармай цистернасы және жүк көлігінің қатысуымен түн уағында апатқа ұшыраған.
Газни провинциясындағы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, көлік апаттары салдарынан қаза тапқандардан бөлек 76 адам зардап шеккен.
Бұл ретте елдің уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид марқұмның туыстарына көңіл айтып, тиісті мекемелерге апаттың себептерін тез арада анықтауды тапсырды.
Бұған дейін Ұлыбританияда стюардесса ұшақтан құлап кетіп, ауруханаға шұғыл жеткізілгенін және аталған оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлағанбыз.