Қар, жел: Қазақстан 21-23 желтоқсанда солтүстік-батыс циклонының ықпалында қалады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер Қазақстандағы алдағы күндерге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

 

wikipedia.org

«Қазгидромет» РМК 21 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының ықпалы болатынын хабарлады. Яғни қар жауып, бұрқасын тұрып, екпіні күшті жел соғатыны күтіліп отыр.

Тек республиканың батысында 23 желтоқсанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады.

21 желтоқсанда күндіз Павлодар облысында, 22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қалың қар жауады.

23 желтоқсанға таяу батыс антициклонының ауысуымен еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Дегенмен температураның әсерінен күрт өзгерістер күтіліп отырған жоқ.