Жетісуда есірткі зертханасы жойылды: 6 келіден астам мефедрон тәркіленді

Ғалиасқар Думан

Ескелді ауданында полиция прокуратура және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананың көзін кқұртты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ / Видео кадры

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Екі шетелдік өз "қамқоршысының" тапсырмасымен заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды”, делінген ресми ақпаратта.

Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынып, қылмысқа қатысы бар өзге де адамдарды анықтау шаралары қолға алынды.