Алматыда намаз оқу кезінде көшені жауып тастаған 30 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Құқық бұзушыларға шара қолданылды: ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабының (көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау) талабын бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, 7 желтоқсанда ҚазТАГ Алматыда қалың топтың намаз оқу үшін жолды жауып тастағаны туралы хабарлаған болатын. Көшелер жабылғаннан кейін полиция тергеу жұмыстарын бастады. Одан кейін Қазақстан мүфтияты жолда намаз оқуды дұрыс емес деп мәлімдеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мұхаммед пайғамбардың өзі жолда намаз оқуға тыйым салғанын атап өтті. Желтоқсанның 13-і күні Алматы полицейлерінің намаз оқу үшін көшені жабуы мен Алматы полициясының әрекетіне Ішкі істер министрлігі деңгейінде жауап бергені белгілі болды.