Мәжіліс депутаттары көлік министрі Марат Қарабаевқа шүйлікті. Олар Air Astana әуе компаниясының монополиясын тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
КОМПАНИЯ ЕШ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ
Депутат Абзал Құспан Air Astana-ның монополиясына тоқтату керек деп айтты.
– Біз сапалы әуе қызметін пайдалана алмай отырмыз. Тұтынушылардың құқығы бұзылады. Бір! Кешігеді – екі! Рейстерді үзе салдаы – үш! Бірақ бұл үшін аталған компанияға ешқандай жауапкершілік жоқ. “Ашық аспан” режимін қостық деп министр жаңа өз баяндамасында айтты. Оны Батыс Қазақстанда да қосты. Бірақ БҚО-да тек Эйр Астана мен Флай Арыстан ғана қатынайды. Ал Скат ол жерге кіре алмайды. Қазақ эйр де! Туркиш Эйр қосылуға мүдделі екенін білдірді. Астанадан Орал арқыл Ыстанбұлға ұшатын рейсті қосуға ниет білдірді. Билет бағасы әлдеқайда арзан болар еді. Мұны да шеше алмадық. Air Astana-ның монополиялық жағдайын қашан және қалай шешеміз? – деп сұрады депутат министрден
МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ
Бұл сұраққа жауап берген министр Марат Қарабаев шетелдік компанияға “Ашық аспан” режимін қазір беруге дайын екенін айтты.
– Батыс Қазақстанға бардық, оар сұрады, біз істеп бердік. Дұрыс па? Ашық аспан жағынан бірде-бір компанияға тосқауыл қойып отырған жоқпыз. Қаласа әрине ұшады. Эйр Астананы айтып отырсыздар. Мен айтсам, сынмен қарайтын шығарсыздар. Мысалы, Қазақстанда ұшақ кешігеді дейсіз. Соңғы 10 айда 76 мың рейс орындалды. Әлемде әуе сапарларының тұрақтылығы деген болады. Сонда 23 пайызы кешгіп, 77 пайызы уақтылы ұшқан. Дәл осындай индикатор басқа елдерде, АҚШ-та да, Еуропа елдерінде де 77 пайыз шамасында. Бұл жақта ең басты мәселе – биыл толық мойындаймыз. Ондай жағдайлар болды. Бірнеше рет түсіндірдік те. Биыл бірнеше әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеуден өткіздік. Астана да. Түнде ол 8 сағат істемеді. Сонда бір сағатта ұшатын 8-10 ұшақ болса, бір сағатта олар 30 ұшаққа дейін барды. Әрине, оның бәрі әсер етті. Алматы, Шымкенттегі әуежайда да жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның бәрі әсер етті ғой, – дейдіо л.
Министрдің айтуынша, екіншіден, осы жазда жауын, бұршақтан соң он ұшақ бірден айналымнан шығып қалған.
– Жалпы бірақ әлемдегі басқа елдермен салыстырғанда бірдей деңгейде. Баға жағынан: 65-70 пайызы әлемдегі бірдей баға. Ол неден тұрады? Ұшақты жалға алудан, күтіп ұстаудан, қосалқы бөлшегі бар, жанар-жағармай беруден баға құралады. Ара қашықтықты есептеңізші. Астана мен Алматының арасы 1000 шақырым. Біздегі бағалар Еуропадағы мың шақырымдық бағалармен бірдей. Кей жерде тіпті арзан. Қайта Еуропа елдерінде бәсеке бұдан да көп. Бірақ бұлардың шығындары бірдей ғой. Еуропа елдерімен біздегі баға немесе тең немесе тіпті арзан келеді, – дейді ол.
Алайда депутаттар министрдің бұл жауабына қанағаттанған жоқ. Сұрақты Эйр Астана басшысы Питер Фостерге бағтыттады. Депутат Мұрат Әбенов не себепті лоукостердің бағасы қымбат екенін сұрады. “Баға қалай қалыптасады? Лоукостер деп аталғаны қалай? Азаматтар қашан арзан әуе билетін ала алады? Салонда кеше бір жарым сағат отырдық. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ” дейді ол.
Отырыс жалғасып жатыр.