Қазақстанның батысында пойыз бен жүк көлігі соқтығысты: КамАздың күл талқаны шықты

Сырым Қаржас

Оқиға кезінде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚТЖ

Бейнеу-Құлсары учаскесінде жолаушылар пойызы мен жүк көлігі соқтығысқан. Ақпаратты Қазақстан темір жолының баспасөз қызметі таратты.

– Жүк көлігінің жүргізушісі пойызбен соқтығысып, апатқа жол берді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Компания апат болған жерде автоматты жылжымалы дабыл құрылғылары дұрыс жұмыс істегенін атап өтеді.

– Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Болған оқиғаның алдын ала себебі – жүргізушінің жол жүру ережелерін бұзуы, - деп атап өтті ҚТЖ.

Баспасөз қызметі жүк көлігімен соқтығысқан пойыз халықаралық маршрут бойынша жүргенін нақтылады. Ол өз жолын жалғастыра берген.