Алматыда жылу трассасында апат болып, соның салдарынан бірнеше шағынаудан жылусыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
Жылу желісіндегі зақым сонау 1984 жылы орнатылған құбырда бүгін болған.
«Алматы жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, мәселе құбырлардың тозуы салдарынан туындаған. Сәтбаев, Достық, Тайманов көшелерінің маңы, сондай-ақ Самал 1, 2 және 3 шағын аудандары жылусыз қалды.
«АЛТС» ЖШС жөндеу-құрылыс қызметі 24 желтоқсан күні түнгі сағат 01:00-ге дейін жылу беруді қалпына келтіруге күтілетін уақытты жеделдету жұмыстарын жүргізіп жатыр», деп хабарлады баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, бұған дейін жылусыз қалған Ақтау қаласында құбырлар 12 жерден жарылғанын жазғанбыз. Оған дейін
Ақтау тұрғындары әлі де жылу мен ыстық суға жарымай отырғанын жазған едік.
Сондай-ақ Ақтаудағы 39-ықшамауданның тұрғындары жолды жауып, әкіммен кездесуді талап еткен. Олар пәтерлердегі суыққа шағымданбақ болған.