Танысын пышақтаған павлодарлық 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Ғалиасқар Думан

2024 жылғы 23 желтоқсанда Павлодарда денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған П.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Екатерина Эстер/nao24.ru

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Сотта анықталғандай, П. 2024 жылдың шілде айында мас күйінде Павлодар қаласы Қамзин көшесіндегі үйлердің бірінде жанжалдан соң танысының кеуде тұсына пышақ сұғып, содан кейін қылмыс орнынан қашып кеткен. Салдарынан әйел ауыр дене жарақатын алған.

Ер адамның кінәсі жәбірленушінің айғақтары, куәгерлер, сараптамалар және бейне жазбалар арқылы дәлелденді.

Осыны ескере отырып, сондай-ақ өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін ескере отырып, сот П.-ны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыра отырып, жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ, одан жәбірленушінің емделуіне 102 243 теңге және моральдық зиян үшін 2 000 000 теңге өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.