Митингтен сақтанды ма? Тәуелсіздік күні кезінде интернет неге әлсіреп қалды

Сырым Қаржас

Журналистер цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Жаслан Мәдиевтен биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында не себепті интернет әлсіреп, әлеуметтік желілер дұрыс істемей қалғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

Айта кетейік, биыл Тәуелсіздік күні қарсаңында азаматтар әлеуметтік желі дұрыс істемей, интернет әлсіз болғанын байқаған еді. 

– Менде “бұл митингпен байланысты” дерлік ақпарат жоқ. Біздің елде мәліметтер базасы өте көп. Кез келген банкте немесе мемлекеттік органда іркіліс болуы мүмкін. Алайда адамдар 3-4 күн бойы отырып қалды (интернетсіз) дейтіндей мәселе жоқ, – дейді Мәдиев.

Ол бұл оқиға туралы есеп дайындалып, мұндай қателіктер қайталанбас үшін шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Мәдиев жаңа жылдық мерекелерде мұндай проблемалар болмайды деп уәде берді.

14-16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған демалыс күндері көп азамат елдегі байланыс пен интернеттің сапасына шағымданған болатын.