Әлеуметтік желіде 24 желтоқсан күні кешкісін Атырау қаласына жақын жердегі Қара өзен аумағында тағы да балық қырылып жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Atyrau online Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Түнде түсірілген видеодан байқалғандай бұл жолы әлі тірі жүрген сом балықтар су жағасында жатыр.
Бірақ олардың жағдайы жергілікті тұрғындар мен мамандарды қатты алаңдатып отыр.
Бұл табиғат құбылысының себептері әлі белгісіз.
Судағы тіршілік иелерінің жағдайына алаңдаған тұрғындар ахуалға назар аударып, су фаунасының қалған өкілдерін сақтап қалу үшін жергілікті билік пен мамандарды шұғыл шаралар қабылдауға шақырып отыр.
Әзірге жергілікті атқарушы билік бұл жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ.